Алматыда 7 пәтер тонаған әйел сотталды
Іс материалдарына сәйкес, әйел 5 пәтерді тонап, құны 662 000 теңге болатын мүлікті қолды еткен.
Ең бірінші Таугүл шағын ауданындағы 2-Вишневская көшесі, 1/35 «б» мекенжайындағы пәтерден 75 000 теңге тұратын «SamsungJ1» телефонын алып кеткен.
Сосын 10-шағын аудандағы 5-үй, 68-пәтерге кіріп, құны 150 000 теңге болатын «HTC» маркалі ноутбукты қолды етті.
1 шілде күні түскі 15:00 шамасында Мамыр-7 шағын ауданындағы 3-үй, 28-пәтерден ішінде 80 000 теңге болған сөмкені ұрлап кеткен.
1 апта өткен соң түскі 13:30 шамасында Таугүл шағын ауданы, Тепличная көшесіндегі, 12/18 үйден 50000 теңге, құны 75000 теңге болатын «Булгари» алтын сақинасын, 70 000 теңге тұратын «Ванклиф» сырғасын, құны 50 000 теңге болатын «Тифани» алтын сақинасын ұрлағаны анықталды.
Келесі күні 11:00 шамасында Ақсай 3А шағын ауданындағы 65 үй, 33 пәтерден құны 7000 тұратын сөмке мен 3000 тұратын әмиянды қолды еткен.
Сол күні кешкі 18:00-де Ақсай-3 шағын ауданы, 1/1үйден барсетка жымқырып кеткен. Сөмкенің ішінде 5000 теңгелік USB-модем, 2000 теңге ақша, 5000 теңге тұратын әмиян болған.
13-шілдеде Мамыр-3 шағын ауданындағы пластик құтыны қолды еткен. Ыдыста 80 000 теңге ақша болған.
Сот отырысында күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлімімен, айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айрылды.