Алматыда 98 жасқа қараған шағында танымал қоғамдық қайраткер Гүлнар Дулатова өмірден озды

АЛМАТЫ. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург, публицист, педагог, қоғамдық қайраткер,
None
None

ХХ ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі Міржақып Дулатовтың қызы, танымал қоғамдық қайраткер Гүлнар Дулатова көз жұмды.

Дулатова Гүлнар Міржақыпқызы 1915 жылдың 4 қарашасы күні Орынбор қаласында туған. Алаш қайраткері М.Дулатовтың қызы. Журналист, әдеби мұраларды жинаушы. 1939 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1939-1987 жылдары дәрігер-дерматолог қызметін атқарған.

Г.Міржақыпқызы "Алаш" қозғалысының қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б. туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы Орталық мұражайға, Торғайдағы, Қостанайдағы, Семей мен Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарын - кітаптар, суреттер, хаттар, құжаттар мен тағы басқа көптеген экспонаттарды тапсырды.

Баспасөзде Г.Міржақыпқызының очерктері мен эсселері 1988 жылдан бастап жариялана бастады. 1995-1999 жылдары «Свет истины» («Шындық шырағы») екі томдық кітабы жарық көрді. Сондай- ақ, Гүлнар әкесінің «Оян, қазақ!» кітабын, екі томдық шығармалар жинағын, бестомдық шығармалар жинағын құрастырушылардың бірі.

Г.Міржақыпқызымен қоштасу 20 ақпан күні Алматыда ҚР Жазушылар одағының ғимаратында өтеді.

Соңғы жаңалықтар