Алматыда Абай, Жұбанов, Төле би көшелерін ұзарту жұмысы қашан аяқталады

«Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін (600 метр) ұзарту аясында бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілуде. Осы жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарда. Жұмыстарды 2024 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген»,- деді шаһар басшысы.
Айтуынша, Төле би көшесін ұзарту мақсатында Алатау даңғылы мен Алтын Орда көшесі арасында ұзындығы 700 метр жол салу жұмыстары басталды. Оны осы жылдың 20 қарашасына дейін аяқтау көзделген.
«Жұбанов көшесін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту аясында бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде (конкурстық рәсімдер осы жылдың қазан айында аяқталады). Жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға байланысты жүргізілетін болады, 2025 жылдың соңына дейін аяқтаймыз»,- деді Е.Досаев.