Алматыда “Абайдың қарасөздері” қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрді

; АЛМАТЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген "Абайдың қарасөздері" кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш кітапты «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігі 4000 данамен шығарды.

«Абай еңбегін орыс тіліне аударған қазақтың атақты аудармашысы Клара Серікбаева. Ол Шәкәрім, Әуезов, Аймауытов сынды ұлылардың шығармаларын орыс тіліне, шығыс ғұламаларының еңбектерін қазақ тілі мен орыс тіліне аударған. Ал, ағылшын тіліне аудармашыны біз ұзақ іздедік. Өйткені, ұлы Абайдың шығармасы қазақ халқының рухани мәдениетінің шыңы болып табылады. Сондықтан біз, ең жақсы аудармашы-ақынды іздедік. Біздің сұрауымызбен, Абай еңбегін менің Англиядағы досым, түркітанушы Ричард Маккейн аударды. Ол орыстың ұлы ақындарының шығармаларын ағылшын тіліне айдарған аудармашы- ақын», деді «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті, жазушы Роллан Сейсенбаев.

Таныстырылым барысында Алматы қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ахетов Мамай: «Кітапты шығарудағы басты мақсат - қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармаларын әлемге таныстыру. Бұл кітап қазақ, ағылшын тілдерін үйренушілерге таптырмас құрал», деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар