Алматыда «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің отырысы өтті

АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесінің отырысы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетелік, өткен жылдың желтоқсан айында «Нұр Отан» ХДП жанынан партияның идеялары мен міндеттерінің басымдығын қамтамасыз ету мақсатында «Абырой» қоғамдық-консультативтік кеңесі құрылған болатын. Оның құрамына мемлекеттік қайраткерлер, ғалымдар, партияның белсенді мүшелері кірді. Олардың ішінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Абайділдин, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов, Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин бар. Кеңесті «Интеграция» халықаралық қорының басқарма төрағасы Сергей Терещенко басқарады. С. Терещенко айтып өткендей, кеңестің негізгі міндеттері - партияның белсенді топ жұмысының формалары мен әдістерін алға қарай жетілдіру бойынша ұсыныс-кеңестерді саралау, азаматтық қоғам ахуалын сараптау негізінде партияның стратегиялық дамуы бойынша ұсыныстар әзірлеу. Отырыста аталған кеңестің 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді, «Нұр Отан» партиясының Халықтық платформасын жүзеге асырудың барысы талқыланды және оның алдағы уақыттағы орындалуы бойынша шешімдер қабылданды. «Абырой» кеңесінің жұмысына сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин де қатысты.
Соңғы жаңалықтар