14:27, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматыда адам өлтіріп, оның джип көлігін Қырғызстанға асырған қылмыстық топ ұсталды
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматыда адам өлтіріп, оның «Тойота ленд крузер» көлігін Қырғызстанға асырған қылмыстық топ ұсталды.

Бұл туралы бүгін журналистерге ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олардың қылмыстық әлемдегі байланыстарын тексеру барысында полицейлер олардан бөлек 6 адамнан құралған тағы бір қылмыстық топты анықтап, құрықтады. Олар автотұраққа қарақшылық шабуыл жасап, екі көлікті ұрлаған.
Ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бары анықталуда.