Алматыда Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылға арналған мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өтті

strong> Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Әдебиет пен өнер саласындағы 2010 жылға арналған мемлекеттік сыйлықтар беру жөніндегі комиссиясының алғашқы отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жылы мемлекеттік сыйлыққа 3 аталым бойынша 35 үміткердің туындысы қабылданған. Оның 17-сі әдебиет аталымы бойынша, 10 туынды музыка, театр және кино саласынан, 8 шығарма бейнелеу және сәулет өнері бойынша. Бұлардың қатарында Қытайдағы қандас жазушы Қажығұмар Шабданұлының 6 томдық «Қылмыс», Смағұл Елубаевтың «Ақ боз үй», Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы, Сейіт Кенжеахметұлының «Мірдің оғындай» сатиралық жинағы, Жұмекен Нәжімеденовтың «Менің Қазақстаным» жинағы бар. Ал кино, театр, музыка саласы бойынша Кеңес Дүйсекеев, Талғат Теменов, Секен Тұрысбек, Марат Бейсенғалиев, Әлібек Дінішев, Шәмші Қалдаяқов, сурет пен сәулет саласындағы үміткерлер қатарында Еркін Мергенов, Әлібай-Сәуле Бапановтар, Амандос Ақанаев сынды танымал тұлғалар бар.

ҚР Мәдениет министрі, комиссия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, туындылар ақпанның 1-не дейін қабылданған. «Шығармалардың барлығы мемлекеттік сыйлыққа лайықты. Авторлары Қазақстанның жұртшылығы мен қоғамға кең танымал белгілі қайраткерлер», деді ҚР Мәдениет министрі.

Отырыс барысында келесі кезеңге өту үшін әдебиет саласы бойынша - бес, қалған екі сала бойынша алты шығармадан таңдап алу ұсынылды. Бұлар жасырын дауыс беру арқылы анықталады. Комиссияның келесі отырысында осы таңдап алынған туындылардың ішінен әр аталым бойынша бір шығармадан мемлекеттік сыйлыққа ие болады.

Соңғы жаңалықтар