Алматыда ахуал бірқалыпты, қауіп-қатер жоқ - террорға қарсы штаб

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ахуал бірқалыпты, қауіп-қатер сейілді. Бұл туралы ресми брифингте Алматы қалалық терроризмге қарсы күрес шұғыл штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті.

 Алматыда ахуал бірқалыпты, қауіп-қатер жоқ - террорға қарсы штаб

«Қазіргі уақытта қаладағы ахуал бірқалыпты, қауіп-қатер жоқ. Жағдайды құқық қорғау органдары толық бақылауда ұстауда», - деді ол.

Бұған дейін ол полицейлерге шабуыл жасаған күдікті ұсталғандығын хабарлады. Қылмыскер ұстау барысында қарсылық көрсеткен, қазір қамауда отыр. «Осы әрекеттерді бір адам жасады. Қазір барлық күдіктілер тексерілуде. Одан бірнеше қару тәркіленді, оның ішінде құқық қорғау органдарынан тартып алған қарулар да бар», - деді С.Әзірбек.

Салдарынан 5 адам қаза тапты, оның үшеуі полицей және екеуі жай адамдар - «Тайота Камри 40» көлігінің жүргізушісі және оның қасында отырған жолаушы.