Алматыда АИТВ жұқпасын жұқтырғандарды антиретроқоздырғыштық дәрі-дәрмектермен емдеу жолдары талқыланды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда халықаралық деңгейде «АИТВ жұқпасын тоқтату - АРТ терапиясымен емделушілер санын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп жатыр.
None
None

Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бойынша біріккен бағдарламасы (UNAIDS), АҚШ-тың халықаралық даму бойынша агенттігі (USAID), АҚШ Президентінің АИТВ-/ЖИТС-ке қарсы күрес бойынша төтенше жоспары (PEPFAR) және АИТВ жұқпасымен өмір сүретіндердің Қазақстандық одағының жетекшілері мен мен өкілдері қатысуда.

«Қатысушылар халықаралық ұйымдардың АИТВ індетін алдын алуға бағытталған бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған стратегиялық жоспарларын талқылауда. Жалпы, АИТВ-мен өмір сүретіндердің емдік препараттарға қолжетімдділігін арттыру бүгінде үлкен мәселеге айналып отыр. Соңғы екі жылда АИТВ жұқпасын емдеу саласында елеулі ғылыми жетістіктерге қол жеткізілді. Сәйкесінше, науқастарды жаңа препараттармен емдеу олардың өмірін сақтап қана қоймайды, сонымен қатар індетті таратпауға да септігін тигізеді. Сондықтан біз барлық елдерді, АИТВ індетін жұқтырған азаматтарының, аурудың клиникалық кезеңдеріне қарамастан, емдік препараттарға қолжетімділіктерін арттыруға шақырамыз. Бұрын АИТВ індетін жұқтырған адамның иммундық жүйесі белгілі бір деңгейге түспейінше, оған ем-дом қолданылмайтын. Бұл дұрыс емес. Қазір диагноз қойылған азаматқа ем-дом қолданылуы тиіс. Бұл тұрғыда Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында АИТВ індетін жұқтырған азаматтарының барлығының толыққанды емделулеріне мүмкіндік туғызған алғашы мемлекет болады деп ойлаймын», - деді өз сөзінде БҰҰ-ың Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне аррналған АИТВ/ЖИТС бойынша біріккен бағдарламасының өңірлік директоры Виней Салдана.

Айта кетелік, бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылар сонымен қатар, АИТВ індетіне шалдыққандарға антиретровирустық терапияны қолданудың маңыздылығын талқылайды. Мамандардың айтуынша, бұл препараттар АИТВ -ға тікелей әсер етеді және оның ферменттерінің жұмысын тоқтатып, жұқпаның дамуына жол бермейді. Сондай-ақ, қоздырғыштың берілу мүмкіндігін 90 пайызға азайтады.

Соңғы жаңалықтар