Алматыда академик Яхия Әубәкіровке арналған кітаптың тұсауы кесілді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аса көрнекті экономист-ғалым, Қазақстанда жоғары экономикалық білім беру жүйесінің негізін қалаушылардың бірі, ҚР ҰҒА академигі Яхия Әубәкірұлы Әубәкіровтің туғанына 90 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті.
None
None

Оған Яхия Әубәкіровтың қызы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова, экономист-ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары және жергілікті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел шеңберінде «Өнегелі өмір» сериясы бойынша Яхия Әубәкіровке арналған кітаптың тұсауы кесілді. «Яхия Әубәкіровтің өмірі мен қызметі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланысты. Ол осында 14 жыл қызмет атқарды. Яхия Әубәкірұлы - Қазақстанда жоғары экономикалық білім берудің негізін қалаушылардың бірі. Заманауи экономикалық кадрларды дайындау ісіне өлшеусіз үлес қосты. Ол жарқын жүзді, ақ пейілді адам болатын. Мен оның қызметтес болғаныма ризамын», - деді химия ғылымдарының докторы, профессор Зұлхайыр Мансұров. Яхия Әубәкіров 2008 жылы 83 жасында қайты болған. Ол көзі тірісінде 70-тен астам ғылым кандидаттары мен докторларын дайындаған. Айта кетелік, шара барысында әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегі экономикалық теория мен практикасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар