17:01, 13 Қаңтар 2022 | GMT +5
Алматыда әкімдік ғимаратын тазарту жұмыстары басталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қалалық әкімдікті тазарту жұмыстары басталды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгін қалалық әкімдік ғимаратын өрттен кейін тазарту жұмыстары басталды.
Қираған жиһаз, кеңсе техникасы, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады.
Бөгде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратқа және іргелес аумаққа кіруге тыйым салынады.