Алматыда ақша айырбастау пункттері жұмысын тоқтатты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату және сатып алу тоқтатылды, деп ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыда ақша айырбастау орындары валюта сатып алмайды және сатпайды.

Елордадағы барлық ақша айырбастау пункттері де шетел валютасымен операцияларды тоқтатқан.

Бұған дейінҰлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» АҚ бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.

Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-пен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.


Соңғы жаңалықтар