08:31, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Алматыда «Ақжол» базары өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат төрт жарымдар шамасында Алматы қаласы Әуезов ауданындағы «Ақжол» базарын өрт шалды.
Атап айтқанда, автомобиль бөлшектері қойылған 11 сауда контейнері өртенген. Аумағы 250 шаршы метрді шарпыған өрт сағат 05.22 кезінде ауыздықталды. Оны сөндіру жұмыстарына Алматы қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 60 адамы мен 19 техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.