Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері Нобель сыйлығы иегерлерінің дәрісін тыңдады

АТЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттері мен оқытушылар құрамы Нобель сыйлығының иегерлері экономика саласына үлес қосқан Фин Кидланд және биология саласына еңбегін сіңірген Роджер Корнбергпен кездесу өткізіп, олардың дәрісін тыңдады.
None
None

Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов шетел қонақтарына оқу орынның мұражайы мен білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Оқу орнының басшысы кездесу барысында бүгінгі шара шетелдік білім саласының ғылыми тұрғыдан көзге көрінерлік тұстарын іргелі білім ордасының оқытушыларына таныстыру, алмастыру мақсатында өткізіліп жатқандығын атап өтті.

Роджер Дэвид Корнберг - АҚШ-тың Сент-Луис (Миссури) қаласындағы медицина саласынан Нобель сыйлығының иегерлері Артур Корнберг пен биохимик Сильвии Рут Левтің отбасында 1947 жылы 20 сәуірде дүниеге келген. Р.Корнберг - танымал биохимик, Стэнфорд университетінің биология құрылымының профессоры, Умео университетінің құрметті докторы, АҚШ-тың ұлттық ғылыми академиясы мен америкалық Ғылым және Өнер академиясының мүшесі. Биология ғылымының ДНК-ның құрылымын, генетика мен молекулалық биологияны зерттеп, ғалым Антони ван Левенгуктың зерттеулеріне үлес қосқан. 1997 жылы Р.Корнберг Харви сыйлығының жүлдегері, 2006 жылы "Генетикалық торлар ақпараты мен зерттеу механизмдерін көшіру" атты жұмысы химия саласынан Нобель сыйлығына лайықталды.

Екінші ғалым Финн Эрлинг Кидланд - Норвегияда көпбалалы фермер отбасында дүниеге келген. 1968 жылы норвегиялық мектептің ауылшаруашылық басқару және экономика бакалаврында көзге көрініп, сол жерде докторлық дәрежесін қорғады. 1973 жылы Карнеги-Меллона (АҚШ, Пенсильвания штаты) университетінде, 1976 жылы Карнеги университетінде профессорлық атақ алды, Санта-Барбара университеті мен танымал Тепперада бизнес мектебінде сабақ берді. 2004 жылы Ф.Кидланд Э.Прескотпен "экономикалық саясат пен макроэкономикалық қозғалыс келісімін үйлестіру" мақсатында экономика саласынан Нобель сыйлығына үйлесімді жұмыс жасады.

Әлемдік деңгейдегі үлкен ғалымдар осындай жетістіктерін Қазақстандағы білім негізіне бағыттап, студенттерге ғылым саласынан құнды хабар берді.

Соңғы жаңалықтар