Алматыда «Алатау» базарының жаңартылған екінші блогы 2016 жылдың қаңтарында ашылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан «Алатау» базарының жаңартылған екінші блогы 2016 жылдың қаңтарында пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бұл жерден қала тұрғындары мен қонақтары алтын әшекейлер, былғары бұйымдар, үйге арналған тауарлар сатып ала алады.

Екінші блоктың ауданы - 7200 шаршы метрді құрайды және онда 450 бутик орнатуға болады. Жетісу ауданында орналасқан 16 базардың ішінде осымен үшінші базар модернизацияланды. Олар: «Олжа», «Сәлем» және «Алатау» базары.

Қазіргі таңда Алматыда базарларды жаңғырту бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымын дамытуға, сатушылар мен сатып алушыларға ыңғайлы жағдай қалыптастыруға, сондай-ақ салықтық түсімдердің ашықтығы мен көлемін арттыруға бағытталған.

«Алатау» базарының барлық 8 блогы (төртеуі - Жетісу ауданында, төртеуі - Алатау ауданында) 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оларда барлығы 4000-дай жұмыс орны ашылмақ. Бұл жерде ең алдымен «Алатау» базарында бұрын жұмыс істегендер жұмыспен қамтамасыз етіледі. Айта кетелік, Алматыда бүгінгі таңда барлығы 57 базар жұмыс істейді. Олардың бесеуі толығымен жаңартылған. Олар: «Олжа», «Сәлем», «Жібек Жолы», «Байсат» және «Аксай-3» базарлары.

Соңғы жаңалықтар