Алматыда алаяқтар бұрынғы зауыттың жерін сатып жіберген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бұрынғы зауыттың жерін сатып жүргендер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықтау жұмыстарын ведомствоаралық топ - Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ІІД қызметкерлері жүргізген. 72 адам аталған алаяқтық әрекеттің құрбаны болып отыр. Қылмыскерлер 600 мың доллар көлемінде пайда тапқан.

«Сотқа дейнгі тергеу амалдарының нәтижесі бойынша, «Каменский» зауытының бұрынғы қызметкерлері У.Мамытбаев, С.Құлжабаев, А.Нұршабаев, А.Тю 2008 жылдан бері заңдық құқы жоқ құжаттар арқылы зауытқа тиесілі жерлерді сатып келген. Олар 72 адамнан 500-600 мың доллар шамасында пайда тапқан», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Алматы полициясы зардап шеккендер 72 адамнан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Ведомство алаяқтарды суреті арқылы танығандар болса, хабарласуларын сұрайды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram