Алматыда «Әлемдік мәдени кеңістіктегі Қазақстанның мәдени ықпалы: серпіні мен бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

АСТАНА.5 қазан. Қазақпарат - Алматыда 10-11 қазан күндері «Әлемдік мәдени кеңістіктегі Қазақстанның мәдени ықпалы: серпіні мен бағыттары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Мәдениет - рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық сананың, ұлттың даралығын қалыптастыратын негізгі институттардың бірі, Қазақстан халқының рухани мұрасы мен мүмкіндіктерінің маңызды бөлігі.

Әлемдік мәдени кеңістікке ену дегеніміз мәдени жетістіктердің шетелге танылуы, қазақстандық және әлемдік мәдениеттердің мақсат-мүдделерінің тоғысуы, мәдени тәжірибелермен, ғылыми жобалармен және бағдарламалармен бөлісу.

Осыған орай, Қазақстанның шет мемлекеттер арасында жақсы беделге ие болу мүмкіндігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Яғни, отандық мәдениеттің жетістіктерін дәріптей түсу керек.

Сондықтан, әлемдік ықпалдасу жағдайында отандық мәдениеттің басым да, тиімді, әрі қауіпсіз бағыттарын айқындауға жетелейтін ғылыми-зерттеулер өзекті бола түспек.

Конференцияда отандық мәдениет дамуының теориялық және практикалық мәселелері қазіргі кезеңдегі интеграциялық үдерістермен байланыстырыла қарастырылып, талқыланады.

Ғылыми-практикалық анализ жасау барысында Қазақстан мәдениетінің ерекшелігін еліміздің саяси бағытына, әлеуметтік-экономикалық құрылымымен, адамгершілік, шығармашылық, көркем мұрасымен және рухани әл-қуатымен бірлікте қарастыру көзделген.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Ұлттық мәдениет дамуының теориялық және практикалық мәселелері мен қазіргі заманғы ықпалдастық үдерістері;

  2. Қазақстанның мәдени саясатын жүзеге асыру мәселесінде жаһандану мен қоғамның ақпараттық дамуы жағдайын ескеру;

  3. Әлемдік мәдени кеңістіктегі Қазақстанның және басқа да әлем елдерінің өзара ықпалдасуы тәжірибелері;

  4. Қазақстан мәдениетіндегі жаңарту үрдістері.

Конференция жұмысына сарапшылар мен философтар, социологтар мен саясаттанушылар, мәдениеттанушы, өнертанушылар, мекеме қызметкерлері, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар өкілдері, журналистер қатысады.

Соңғы жаңалықтар