Алматыда алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын 271 кәсіпкер лицензияларынан айрылды

ҚР 2014 жылы 18 маусымда шыққан «Этил спирті және алкогольдік өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына сәйкес, алкоголь өнімдерінің өндірісі мен айналымына қатысты түбегейлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Алматы қаласы бойынша Салық департаменті осы заңның талаптарын орындау мақсатында өз қызметтерін алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға тыйым салынған жерлерде жүзеге асыратын салық төлеушілердің алкоголь өнімдерін сақтау және сату үшін алған лицензияларын қайтарып алу шараларын жүзеге асыруда.
Сондықтан, өз қызметтерін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған жерлерде атқаратын салық төлеушілер лицензияларын ерікті түрде Алматы қаласы бойынша Салық депаратментіне қайтарулары тиіс.
Өйтпеген жағдайда, олар ҚР тиісті заңнамаларына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.