15:10, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Алматыда «Алматым жүрегiмде» атты ән фестивалі өтеді
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда қала күні мерекесі қарсаңында «Алматым жүрегiмде» атты ән фестивалі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
Байқау жаңа есімдерді анықтап, соңғы жылдары жазылған шығармаларды көпшілікке таныту мақсатында өткізілмек.Байқауға кәсіби және талантты орындаушылар қатыса алады. Басты шарт - ән бұрын еш жерде айтылмаған және тірі дауыспен орындалуы тиіс.Жеңімпаздар тәуелсіз әділқазылар алқасының дауыс беруімен анықталады.Фестиваль жеңімпаздары мен оған қатысушылар бағалы сыйлықтармен, құрмет дипломдармен марапатталады. Ал бас жүлдеге Suzuki Vitara жеңіл көлігі тағайындалған.Байқауға қатысу үшін өтініштер қалалық мәдениет басқармасында қабылданады.