Алматыда «Алтын диірмен» құрама жем комбинатынан тағы да өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай көшесінің бойындағы «Алтын диірмен» құрама жем комбинатында тағы да өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бұл жолы қызыл жалын реконструкцияға жабылған цехті қамтып, 500-ге тарта шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт ғимараттың бірінші қабатынан басталып, төртінші қабатқа дейін жетті. Қазір өрт ауыздықталды.

Жапа шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.

Осыған дейін 18 маусымда аталған комбинаттың жапсарлас салынған ғимаратының төбесі өртеніп, тілсіз жау 220 шаршы метрді шарпыған болатын.

Соңғы жаңалықтар