Алматыда әрбір бесінші тұрғын әлеуметтік тұрғыдан қамтылған ? қалалық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

АЛМАТЫ. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгінгі күннің басымдыққа ие ең басты бағыттарының бірі халықты жұмыспен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу мәселелерін шешу болып табылады.
None
None
Бұл жайында Алматы мәслихатында өткен депутаттық тыңдауда қалалық еңбек және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Амангелді Нұрланов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Басқарманың өткен жылғы атқарған істеріне қорытынды жасаған ведомство басшысы мәслихат шығарған 15 шешімнің іске асқандығын атап өтті. Барлық жоспарланған іс-шаралар атқарылды. Соның ішінде халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2010 жылға дейінгі бағдарламасы белсенді жүзеге асуда.Үстіміздегі жылы қалалық биліктің, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың күш жұмылдыруымен 19 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оған 4000 жұмыссыз, жұмыстарынан босатылған 12 мыңнан астам қызметкер, оқу орындарының 2500 түлегі тартылатын болады. Тағы 4 мың адам қоғамдық жұмыстарға жіберіледі, қазірде 500 әлеуметтік жұмыс орны құрылды. Осы бағыттарға жергілікті бюджеттен 233,7 млн теңге бөлініп отыр. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жұмыскерлердің жаппай жұмыстан босатылуы орын алған жағдайда жұмыспен қамту бағдарламасы қайта қаралатын болады.Алматыда қалалық еңбек биржасы екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы арқылы жұмыссыздар тұрғылықты орнына қарамастан қарапайым жүйе бойынша тіркелуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ еңбекпен қамту ісімен айналысатын құрылымдарға ұялы телефон арқылы байланысқа шығуға болатын Интернет қызметін ашу жоспарлануда. Бұл бағытқа қосымша 540 млн теңге көлемінде қаржы керек. Алайда, А. Нұрланов аталған іс қалай болғанда да жүзеге асатындығын айтты. 2008 жылы 11 еңбек жәрмеңкесі ұйымдастырылған. Студенттерді, жоғарғы білімі бар жас мамандарды жұмысқа орналастыру мақсатында «Сислаб» Қазақстан-Норвегия бірлескен жобасы екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өткен жылы 46 адамнан құралған екі топ арнайы оқытудан өтіп, олардың 80 пайызы жұмысқа орналастырылған. Шетелдік жұмыс күшін тартуға мораторий енгізілді, квота 50 пайызға қысқартылды. Көші-қон ағымдарын қадағалау жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда Алматыда шетелдік жұмыс күшін қоса алғанда жұмыс істейтін мигранттар саны шамамен 288 мың адамды құрайды. Басқарма әлеуметтік бағыттағы өзге де міндеттерді шешуде. Жыл сайын жергілікті бюджеттен аз қамтылған азаматтарға көмектесуге, жеңілдіктер мен жәрдемақыларды арттыруға елеулі қаржы бөлінуде. 2008 жылы осы бағыттарға 4 млрд теңге жұмсалған, ал биылғы жылы 5 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Алматыда әлеуметтік қамтылған барлығы 261 мың адам бар. Бұл қаланың әрбір бесінші тұрғыны деген сөз. Олардың ішінде 160 мыңнан астам адам зейнеткерлер, 35 мың мүгедек, 4 мың аз қамтылған азамат және 11 мыңнан астам жұмыссыз бар.
Соңғы жаңалықтар