Алматыда «Ардагерлер жаны қартаймайды» дәстүрлі ән фестивалі өтті

АЛМАТЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Алматы төрінде «Ардагерлер жаны қартаймайды» атты дәстүрлі жетінші ән фестивалі өтті.
None
None
Биыл аталмыш шара «Нұр-Отан» ХДП 10 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Осымен жетінші жыл дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан фестиваль «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы филиалының және Ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдыстырылып отыр. Аталмыш шара арқылы біздің ардақты ардагерлеріміз асқақ рухтың ешқашан қартаймайтындығын көрсетіп те, дәлелдеп те келеді. Бұл жастар үшін үлкен үлгі, өнеге», - деді салтанатты жиынға қатысқан «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тоқмұхамет Садықов. Фестивальде Бостандық ауданының «Ақсұңқар» ансамблі, Әуезов ауданының «Асыл әжелер» хоры, Алмалы ауданының «Отан» ардагерлер хоры, Түрксіб ауданының «Россияночка» ардагерлер хоры, Жетісу ауданының «Атамекен» хоры, Медеу ауданының «Ардагер» хор ұжымы, Алатау ауданының «Әкелер жері» хоры және Украинадан арнайы келген хор ұжымы өнер көрсетті. Шара соңында фестивальге қатысқан өнер ұжымдары және олардың жетекшілері, әншілер «Нұр Отан» партиясының арнайы грамоталарымен марапатталды.
Соңғы жаңалықтар