13:21, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Алматыда «Ардагерлерді ардақтайық» атты республикалық акция басталды
АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда жеңістің 65 жылдығына дайындық аясында «Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты республикалық акция басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара 2010 жылдың екінші жартысына дейін жалғасады. Шара аясында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің үйлеріне барып, азық-түлік пен естелік сыйлықтар тапсыру ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП мен «Жас Отан» жастар қанаты Ұлы Отан соғысына арнап қойылған ескерткіштерді есепке алу, техникалық аудит жүргізу жұмыстарын жүргізбек. Бұнымен қатар ірі мекемелердің алдында құрмет тақталары қайта қалпына келтірілмек. Онда осы мекемелердің бұрынғы қызметкерлері, Ұлы отан соғысына қатысушылардың суреттері, өмірбаяндары ілінбек. Сондай-ақ партияның филиалдарында кездесулер өткізіліп, мерекелік концерттер ұйымдастырылмақ.