08:39, 22 Тамыз 2014 | GMT +5
Алматыда ашық аспан астында V музыкалық фестиваль өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында 9-11 қыркүйекте Қала күніне арналған V музыка фестивалі - оркестрлер шеруі өтеді, деп хабарлады қаланың Мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен.

Оркестрлер шеруі Александр Беляковтың жетекшілігімен эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындауындағы белгілі классикалық туындырлармен ашылады. Кештің арнайы қонағы «КВАТРО» тобының солистері болмақ.
10 қыркүйекте Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отрар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі Абай мен Н.Тілендиевтің белгілі туындыларын орындайды. Сонымен бірге қонақтар әлемдік классиктер - Бизе, Григ, Верди, Хачатурянның шығармаларына тәнті болады. Шараның жабылу күнінде Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі әлемдік мюзикл композицияларын орындайды. Фестиваль жаңа жазғы «SHABYT» амфитеатрында өтеді.