Алматыда Астананың туған күніне арналған «MEGA-бауырсақ» мерекесі өтеді

None
None
None

АЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Алматыда шілденің 6-сында елорданың туған күніне арналған «MEGA-бауырсақ» мерекесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымдастырушыларға - MEGA сауда-ойын-сауық орталығы желісіне сілтеме жасап.

Күні бойы - сағат таңертеңгі 10:00-ден 18:00-ге дейін - «MEGA Alma-Ata» сауда-ойын-сауық орталығы алдындағы алаңда оның қызметкерлері барлық келушілерге жаңа піскен бауырсақтар ұсынады.

Осындай іс-шаралар бұл күні «MEGA Astana» және «MEGA Shymkent» сауда-ойын-сауық орталықтары жұмыс істейтін Астана мен Шымкент қалаларында да өтеді.

Соңғы жаңалықтар