Алматыда "Асыл мұра" республикалық арт-конкурсының қорытындысы жарияланды

МАТЫ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда "Асыл мұра" республикалық арт-конкурсының қорытындысы жарияланды.
None
None

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл шараны Орталық Азиядағы ұлттық кәдесыйларды өндіруші "Emppire" компаниясы ұйымдастырған болатын.

"Алматы мен Астана қаласы әкімдіктерінің қолдауымен өткен бұл байқауға Қазақстаның барлық өңірінен суретшілер, дизайнерлер мен мүсіншілердің әртүрлі стильдегі 120-дан астам жұмысы келіп түскен болатын. 61 үміткердің 28-і ақтық сынға өтті. Олардың арасынан үздік шыққан 10 жеңімпаз бүгін арнайы мүсіншемен марапатталып отыр", - дейді "Emppire" компаниясының шеф-дизайнері және ұлттық жобалар жөніндегі кеңесшісі Сүндет Маемгенов.

Үздіктер қатарынан көрінген шеберлердің сегізі алматылық ( Балнұр Асанова, Гүлжамал Тагенова, Мұхит Мырза Әли-Ақанай, Ғалия және Балқия Құсайыновалар, Мұхаметжан Зейнелхан, Маким Кодаров, Құрман-Ғали Малаев), екеуі Шымкент (Айгүл Тұралиева) пен Жезқазған (Дарья Омарова) қаласының өкілдері. СүМаемгеновтың айтуынша, қазақтың ұлттық өнерін дамытуды мақсат тұтқан бұл жоба алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұрмақ. Енді биылғы байқаудың 10 жеңімпазы мен ақтық сынға сүрінбей жеткен 18 үміткердің жұмыстары көрме топтамасы арқылы жұртшылық назарына ұсынылмақ. Оның алғашқысы қазір Алматыдағы "Рахат Палас" мейманханасында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар