Алматыда атақты суретші Алексей Уткиннің қала күніне арнаған «Менің сүйікті қалам» атты көрмесі ашылды

МАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қала тарихының музейінде атақты суретші Алексей Уткиннің «Менің сүйікті қалам» атты көрмесі ашылды.
None
None

Қала күніне орай, арнайы ашылған көрмеге суретшінің Алматы қаласы туралы салынған туындылары қойылған. Алексей Уткин өз картиналарында аталарымыз бен әжелеріміздің ғана есінде сақталған, бүгінгі біздер куәгері болып үлгерген, бірақ, алдыңғы ұрпаққа алыс та беймәлім болып көрінетін бүгінгі Алматы қаласының қайталанбас көріністерін бейнелеген.

Алексей Уткиннің шығармашылығында қаланың әр тұрғыны үшін ыстық та, қымбат тарихи орындар бейнеленген панорамалар үлкен орын алады. Картиналарда бүгінгі алып мегаполистің динамикасы мен қарбаласуы Алматының бұрынғы көріністері - ескі алаң, опера театры, субұрқақтар, тау аңғарына дейін созылған кең даңғылдары мен ескі орталықтың тыныш көшелері көрсетілген. Суретші жұмыстарындағы әсерлі, жүрекке жылы тиетін өмірге деген көзқарас көрерменді ерекше баулап, ешкімді немқұрайлы қалдырмайды.

Алексей Уткиннің есімі Қазақстан суретшілері мен бейнелеу өнері шеберлері арасында өте танымал. Өзінің шығармашылық жолында суретші қалаға тән ерекшеліктерін, дәстүрін, сипатын сақтай отырып «сүйікті қаласының портретін» жазумен айналысып келеді. Суретші композициялары эмоциялық түс қанықтығы мен колориттік нәзік сезіммен ерекшеленеді.

Бүгінде суретшінің жұмыстары Қазақстан, Ресей, АҚШ, Италия, Турция, Испания, Франция және Нидерландия жеке меншік коллекцияларында сақтаулы.

Алексей Уткин 1949 жылы Алтай өңірінде дүниеге келген. 1974 жылы есту қабілеті төмендерге арналған Ленинград көркем-сурет техникумын, 1985 жылы Алматы Мемлекеттік театр және көркем-сурет институтын аяқтады. 1985-1995 жж. Алматы қаласындағы есту қабілеті төмен балаларға арналған № 1 мектепте сурет сабағынан дәріс берді. 1987 жылдан Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі; 1995 жылдан «Қазақстан Республикасындағы есту қабілеті төмен суретшілер ассоциациясы» Мемлекеттік бейкоммерциялық қоғамдық бірлестігінің президенті қызметін атқаруда.

Соңғы жаңалықтар