Алматыда «Атамекен» ҰКП Өңірлік кеңесінде отандық тауарларды дамыту мәселелері талқылануда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында ҚР «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысы өтуде. Онда Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бадарламасы аясындағы жобаларды дамыту, отандық тауарларды ілгері бастыру және Алматы кәсіпкерлерінің түйіткілді мәселелерін талқылануда.
None
None

«Алматы қаласы еліміздің жалпы ішкі өнімінің 20 пайызын береді. Бұл жерде қала кәсіперлерінің үлесі зор. Алматыда 120 мыңнан аса кәсіпорын тіркелген. Әрбір үшінші тұрғын, дәлірек жарты миллиондай адам осы салада еңбек етуде. Бүінде шағын және орта бизнес субъектілері қала қазынасына салықтық түсімдердің 65 пайыздан астамын береді. Дегенмен, бұл салада талқылайтын мәселелер де жеткілікті. Солардың бірі - несиелендіру. Өткен жылдың соңынан бастап экономиканы несиелендіру деңгейі төмендеді. Банктер несиелерді негізінен доллармен беріп жатыр. Ал теңгелік несиелердің мөлшерлемесі 20 пайыздан асады. Бұл кәсіпкерлер үшін өте қиынға соғатыны айтпаса да түсінікті. Жаңа жобаларды жүзеге асыруға да кедергі келтіреді. Бұл - ойланатын мәселе», - деді өз сөзінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

Бүгінгі кездесуге ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, басқарма төрағасының орынбасарлары, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің өкілдері, сауда үйлері, сауда желілері, дамыту институттары, екінші деңгейдегі банктердің өкілдері, Индустрияландыру картасының қатысушылары, тауар өндірушілер және басқа мүдделі тұлалар қатысуда.

Айта кетелік, осы басқосудан кейін, оған қатысушылар Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылу рәсіміне қатысады.

Соңғы жаңалықтар