Алматыда атыс барысында бір адам мерт болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда атыс болды. Оның ақыры адам өлімімен аяқталды. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлім етті.

Алматыда атыс барысында бір адам мерт болды

Оның айтуынша, атыс 28 маусым күні Қалқаман шағын ауданында болған.

«Оқиға барысында жарақаттаушы тапаншадан оқ атқан. Соның салдарынан жарақат алған екі жас азамат ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі, ауруханада есін жимаған күйі көз жұмды. Кінәлілер әлі қолға түскен жоқ. Оқиға жайында қосымша басқа ештеңе айта алмаймын. Өйткені, қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Біз оған кедергі келтірмеуіміз керек», - деді С. Әзірбек.