Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстерінің уақыты кейінге шегерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар әуе рейстері уақытынан кешіктірілді.
None
None

Алматы халықаралық әуежайының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Дубай, Бангкок, Сеул, Өскемен және Астана қалаларына Алматыдан ұшатын ұшақтардың ұшу уақыты кейінге қалдырылды.

Сонымен қатар, Қарағанды, Киев (Борисполь), Париж, Бангкок, Батуми және Ақтөбе қалаларынан ұшып келетін жолаушы ұшақтары да кідіруде. Ақтау, Шаржа және Дубайдан келетін рейстер, сонымен қатар Абу-Дабиден келетін екі рейс белгіленген уақыттан кейін келеді. Астаналық рейс те кейінге қалдырылды.

Кідіріс уақыты 30 минуттан 12 сағатқа дейін созылады.

Айта кетелік, Алматыда кеше кештен бері қар тоқтамастан жауып тұр. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының деректері бойынша, қазір қалада ауа температурасы 3-5 градус суық.

Соңғы жаңалықтар