09:41, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 18 әуе рейсі кешіктірілді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ауа райының қолайсыздығынан 18 авиарейс кешігіп, 6 рейс тоқтатылды.

Алматы әуежайының онлайн-таблосында көрсетілгендей, Алматыда Астана мен Орал қаласына ұшатын рейс тоқтатылды. Семей, Астана (2), Атырау қалаларына ұшатын рейстің уақыты кешіктірілді. Одан бөлек Үрімжі, Дубай халықаралық рейстері де бар.
Сондай-ақ, Қостанай, Павлодар, Астана (4), Ақтау, Шымкент, Семей, қалаларынан келуі керек ұшақ уақытынан кешігіп жатыр. Олардың ішінде Пекин, Ашхабад қаласынан келетін халықаралық рейстер бар.
Сондай-ақ, Астана-Алматы, Орал-Алматы рейстері тоқтатылды.
Айта кету керек, қаланы қазір қалың тұман басқан. Ауа температурасы -5 градусты көрсетіп тұр.