Алматыда аудан әкімдері өз табыстары мен мүліктерін жариялады

АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының әкімдері өз табыстары мен мүліктерін жариялады,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр Отан» ХДП-ның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ақылбек Желдібаевтың айтуынша, бұл шара «Өзіңнен баста» деп аталатын республикалық шараның аясында өтіп отыр. Астана қаласынан басталған «Нұр Отан» ХДП бұл акциясында  мамыр айында  партия Төрағасының 1-ші орынбасары Дархан Кәлетаев пен Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров өз табыстарын жариялаған болатын.

Түркісіб ауданының әкімі Владимир Устюговтың жалақысы 145 мың теңге. Өз атында 3 бөлмелі пәтері және гараж бен Талғар ауданында жер телімі бар. Медеу ауданының әкімі Махамбет Бейдәлінің айлығы 153 мың теңге. Жеке басына жазылған  3 бөлмелі пәтері  мен 750 мың теңге ақшасы бар. Жетісу ауданының  әкімі Ербол Әліқұловтың айлық жалақысы 145 мың теңге. Үш бөлмелі пәтері, 2 машинасы және сенімді басқаруға берген компаниясы бар. Ал Алмалы ауданының әкімі Марат Пірінбековтің жылдық табысы 1,5 миллион теңге. 20 миллион теңге қаржысы бар, оның атында  ешқандай мүлік тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар