Алматыда әуежайлардағы шекара қызметтерінің операциялық және сараптамалық іс-қимылдарын жетілдіруге арналған семинар болды

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Алматыда әуежайдың шекаралық қызметтерін шекараны кешенді басқаруға оқыту бойынша семинар аяқталды.
None
None
Бес күнге созылған семинарға еліміздегі Шекара қызметінің, Кеден комитетінің, сондай-ақ фитосанитарлық және ветеринарлық қызметтерінің 16 өкілі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасындағы Еуропалық комиссия өкілдігіне сілтеме жасап. Бұндай шараны өткізудегі басты мақсат әуежайлардағы шекара қызметтерінің операциялық және сараптамалық іс-қимылдарын жетілдіру болып табылады. Аталмыш кеңесті Халықаралық көші-қон саясатын дамыту орталығы өкілдерінің қолдауымен Еуропалық Одақ және Қазақстан сарапшылары өткізді. Бұл басқосу 2008 жылдың қазан және қараша айларында Бішкек пен Алматыда ұйымдастырылған екі аймақтық тренингтің жалғасы болып отыр.
Соңғы жаңалықтар