Алматыда аулада қараусыз ойнап жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көшеде және аулада ойнап жүрген балалардың ата-анасына айыппұл салынады. Бұл туралы Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Алматыда аулада қараусыз ойнап жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады

«Көшеде үлкен адамдардың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандар ерекше назарға алынады. Мұндай жағдайда олардың ата-анасы немесе қамқоршылары ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады», – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, ол 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауға кеңес берді.