Алматыда автобус камералары арнайы жолаққа шыққандарды тіркейді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы жаңа автобустар қоғамдық көліктерге белгіленген жолаққа шығып, ереже бұзған көліктерді тіркейтін болады. Жаңа технологияны бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбекке таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қоғамдық көлік үшін жасалған жолақтарда жол қозғалысы ережесін бұзғандарды белгілейтін жүйені таныстырған мамандар оның негізгі ерекшелігін айтты. 

«Автобустарға видеокамера орнатылады, ол арнайы жолаққа шығып кеткен көлікті бірден анықтайды. Көліктің нөмірі автоматты түрде дерек қорына алынып, қалалық ІІД-іге жіберіледі. Тестілік режімде жұмыс істеген бұл жүйе 3 күн ішінде бір троллейбустың 104 рет тәртіп бұзғанын көрсетті. Якни, 1 млн теңгеден астам айыппұл салынуы керек. Жүйе қоғамдық көлік қана емес, жеке автожүргізушілерді де тәртіпке  шақырады», - деді жүйені жасаушы компания өкілі Александр Сатин.

Айта кетерлігі, жүйені ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің Ғарыш техникасы мен технологиясы институты жасаған, оның барлық компоненттері Қазақстанда өндірілген. Жүйе жан-жақты тестілеуден өткен соң, Алматы қаласының жолдарында қолданылуы мүмкін.

Еске сала кетейі, бүгін Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбекке №201 жаңа магистральді бағыт бойынша жолға шыққан сыйымдылығы үлкен немесе «гармошка» деп аталатын жаңа автобустар таныстырылды. Ұзындығы 18 метр, төмен еденді автобустар «Еуро-5» экологиялық талаптарына сай келеді. Оған 150-ден астам адам сияды. Автобус Төле би көшесі бойымен Яссауи көшесінен Шығыс айналма жолына дейін барады.

Соңғы жаңалықтар