09:33, 06 Қыркүйек 2022 | GMT +5
Алматыда автобус өртеніп кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда № 38 автобус өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне таңертең сағат 8.27-де Саин-Шаляпин көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.
«Жедел түрде көбікпен өрт оқпандары енгізіліп, автобус конструкцияларын салқындату үшін бөлек өрт оқпандары берілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 08-47-де оқшауланып, 08-50-де толық сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.
Автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-на тиесілі