21:46, 24 Қараша 2015 | GMT +5
Алматыда автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 39-шы бағдардың автобус жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

39-шы бағдардың автобус жүргізушісі үстіміздегі жылы 23-ші қарашада таңертең Горная көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 596-шы бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол бір жылға дейін көлікті басқару құқығынын айрылды. 1988 жылы туған «К» есімді азаматқа қатысты әкімшілік өндірістің материалдары Алматы қалалық арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жіберілді.