09:37, 23 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыда әйел адам мен 6 бала моншада ысты газға уланды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 23 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда әйел адам мен 6 бала моншада ысты газға уланды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

22 наурыз күні Алматыда жекеменшік тұрғын үй аумағында моншадағы пештің ақауынан 32 жастағы әйел адам мен 2002, 2004, 2005, 2007, 2008 және 2010 жылдары туған алты бала иіс тиіп уланды.
Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.