Алматыда әйелді соққыға жыққан: полиция екі бап бойынша тергеуді бастады
«2019 жылы 29 желтоқсан күні Ж. есімді азаматша Түрксіб аудандық полиция басқармасына арызданған. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 24- бабының 3- бөлігі және 120 бабы (зорлау) бойынша тіркелді», - деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел тергеу тобы құрылды. Күдіктілер белгілі болды.
«Азаматша Ж-ның алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге, жәбірленуші полицияға шағымданған күні С. есімді азаматқа арызданудан бас тартып, қарсы шағым жазғанын атап өткен жөн», - деп толықтырды Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Естеріңізге сала кетейік, жұмыс орнына еңбекақысын алуға келген үш баласы бар әйелді әріптестері ұрып-соққан болатын.