Алматыда еңбекақысын алуға келген әйелді екі ер адам ұрып-соққан

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жұмыс орнына еңбекақысын алуға келген әйелді әріптестері ұрып-соқты. Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының директоры Дина Смайылова Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Оқиға 29 желтоқсан күні кешке болған.

«Үш баласы бар әйел құрылыс нысанында жаңа жылға қарсы еңбекақы беріп жатыр деген соң барған. Алайда алдап шақырып алған жұмысшылардың бірі екені белгілі болды. Ол мас күйінде әйелге тиісіп, жәбір көрсеткен. Жұмыс орнында болған екі ағайындының бірі сыртынан есікті жауып тұрған. Ол айғайлай бастаған және көмекке шақырған. Осы әрекеті үшін оны аяусыз соққыға жыққан», - деп жазды Дина Смайылова.

Жәбірленуші туыстарына хабарласып үлгерген, олар полиция шақырған.

«Полиция 16 минутта жеткен, алайда зардап шеккен әйелдің сау-тамтығы қалмаған. Полиция бөлімінде ол есінен танып қалған, жедел жәрдем шақырған, ауруханада ол тағы да есінен танған», - делінген жазбада.

Алматы полициясы әйелді аяусыз соққыға жығып, зорламақ болғандарға қатысты түсінік берді.

«Осы факті бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 120-бабы, яғни «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның аясында тергеудің объективтілігі, жан-жақтылығы және толыққандығы қағидаттарын сақтай отырып, тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар