11:24, 22 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыда әйелдің алқасын жұлып алған жігіт камераға түсіп қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйелдің алқасын жұлып алған жігіт камераға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еуропалық нәсілді жас жігіт Наурызбай көшесінде тұрған әйелдің алқасын жұлып алып, қашып кеткен. Артынан қуа жөнелген әйел қылмыскерге жете алмай қалды.
Болған оқиға көшедегі көліктердің видеорегистраторына түсіп қалған.
Бұл оқиғаға қатысты полиция әлі түсініктеме бермеді.
Желідегі пікір білдірушілердің кейбірі күдіктіні танып, есімін жазып жатыр.