17:06, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
Алматыда «Азия симфониясы» қойылымымен 7-қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты басталды
АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Алматыда Б.Шолақ атындағы спорт сарайында 7-қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты басталды. Жабылу рәсіміне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жұбайы Сара Назарбаева қатысуда.
Шара басында шағын ғана файр-шоу өткізіліп, қазіргі күні «Азия симфониясы» деп аталған шоу басталып та кетті.
Еске сала кетсек, бұл Ойындар біздің құраманың тамаша жеңісімен аяқталды. Қазақстандықтардың қоржынында 70 медаль бар, оның 32-сі алтын.