09:09, 28 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыда балалар арасында Бауыржан Момышұлына арналған футболдан «Көктемгі демалыс - 2013» турнирі өтті
АЛМАТЫ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда 2001, 2002 жылғы балалар арасында Бауыржан Момышұлына арналған «Көктемгі демалыс - 2013» футбол турнирі аяқталды.

Онда 2001 жылы туған жас ойыншылар арасында 1-ші орынды №2 дарныды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы, 2-ші орынды «Қайрат» командасының жас тәрбиеленушілері иеленді. Бірдей ұпай жинаған бұл командалар арасында жеңімпаз қарсыластар қақпасына соғылған және өз қақпасына жіберіп алған доп айырмасы бойынша анықталды. Ал 2002 жылғы балалар арасында 1-ші орынды «Алатау», 2-ші орынды «Арыстан, 3-ші орынды «Еңбек» командалары иеленді.