Алматыда балалар дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцинацияның екінші кезеңінен өтті
«Біз, басқа медициналық ұйымдар сияқты COVID-19 пандемиясы кезінде жұмыс істейміз. Бұл барлық медицина қызметкерлері үшін, тіпті ковид анықталған пациенттермен тікелей байланыста болмағандар үшін де қауіпті. Сондықтан біз клиника қызметкерлерін коронавирус инфекциясына қарсы екпені ерікті түрде вакцинациялауды бастадық. Егу алдында дәрігерлер тексеруден өтті, вакцинациядан кейін жарты сағат өткен соң оларды эпидемиолог дәрігер қайта тексерді. Біз әрбір қызметкер үшін алаңдаймыз және клиникада жұқтырудың алдын алу бойынша барлық санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауда ұстаймыз», - деп атап өтті басқарма төрайымының орынбасары Ләззат Манжуова.
Педиатрия орталығының анестезиологы Гүлжахан Абдулаеваның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе әр адамға әртүрлі әсер етеді.
«Қазір, әрине, бәрі жұқтырудан қорқады. Біз қашықтықты, санэпидрежимді сақтаймыз.Тәуекел әрқашан жоғары. Сондықтан, вакцинация туралы жарияланғаннан кейін мен бірінші болып тіркеліп, екпе салдырдым. Бәрі жақсы өтті, менде жағымсыз реакциялар болған жоқ. Бірақ кез келген вакцинацияға реакция болуы керек екенін атап өткім келеді. Оның әсер етуі иммунитетке, дененің сипаттамаларына байланысты әр адамға әртүрлі әсер етеді. Менде жеңіл бас айналу, жүрек айну, тәбеттің өзгеруі, ұйқышылдық болды. Температура көтерілмеді. Инъекция орны ауырмады. Бұл көріністер вакцинациядан кейінгі екінші күні неғұрлым айқын болды, одан әрі азайды. Біз тек осылайша вакцина алып, жаппай иммунитет қалыптастырып, пандемияны тоқтата аламыз және бұрынғы қалыпты өмірімізге орала аламыз», - деді Педиатрия орталығының анестезиолог маманы Гүлжахан Абдулаева.
Еске салайық, 1 ақпанда Қазақстанда COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау науқаны басталды.