Алматыда балалар суретінің ерекше көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Республикалық Оқушылар сарайында балалар суретінің ерекше көрмесі ашылды.
None
None

Мұнда ұсынылған сурет авторларының көбі - онкологиялық ауруға шалдыққандар. Алматыдағы көрмеден кейін талантты балалалардың жұмыстары Монако елінде де көрсетілетін болады. Олар желтоқсан айында Эдуард Казарян, Марат Бекеев, Андрей Нод пен Гүлфайруз Ысмайылованың картиналарымен қатар Еуропа халқының назарына ұсынылады. Сондай-ақ еуропалық көрменің барлық қонақтарына сыйлық ретінде қазақстанның жас суретшілерінің суреті жинақталған күнтізбе беріледі. Бұл жобаның бастамашысы - Қазақстан мен Еуропа арасындағы мәдени ынтымақтастық саласында қызмет етіп жүрген «MPL» қоры. Оған Монако Князьдігіндегі Қазақстан елшілігі және оның Құрметті консулы және «Рош» компаниясы қолдау көрсетті.

Жалпы бүгінгі таңда Қазақстанның онкологиялық мекемелерінде 15 жасқа дейінгі 1 300-ге жуық бала есепте тұр. Жыл сайын кем дегенде 350 балада қатерлі ісіктер анықталады.

Соңғы жаңалықтар