Алматыда балаларды құлшылыққа тартқан діни бірлестік басшысы жауапқа тартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда құлшылыққа балаларды тартты деген айыппен діни бірлестік басшысы жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Іс материалдарына сәйкес, «Иегова куәгерлерінің Христиан общинасы» діни бірлестігінің жетекшісі 10-13 жастағы 4 жасөспірімді олардың бірінің ата-анасының қарсылығына қарамастан құлшылыққа тартқан. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамады.

Алматы ауданаралық әкімшілік істер бойынша мамандандырылған сотының судьясы құқық бұзушыны ҚР ӘқК 490-бабының 7-тармағы бойынша айыпты деп тауып, 50 АЕК мөлшерінде (106 050 теңге) айыппұл төлеуге мәжбүрледі.

Соңғы жаңалықтар