Алматыда банктік реттеудегі реформа туралы форум өтеді

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 11 қараша күні Қазақстандағы американ сауда палатасы өкілдігінің ұйымдастырумен банктік реттеудегі реформа туралы форум болады.
None
None

Экономикалық саясат жөніндегі форум аясында өтетін бұл шара "Банктік реттеу - ғаламдық шақырулар", "Қазақстандық банктер және реттеу реформасы" деген тақырыптағы сессиялар бойынша жүреді. Оған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко, Қаржылық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Мұхтар Бубев, Қазақстандағы Канада Елшісі Стефан Милар және Deutsche Bank, Visor Capital, Halyk Bank, ATF/UniCredit Bank-тің құзырлы өкілдері спикер ретінде қатыспақ. Онда әлемдік банк реттеуге реформа жүргізудің қажеттілігі, Базель ІІІ ұсынымдары, Қазақстан банк жүйесінің мәртебесі және қазақстандық банктерді реттеуге деген ұсыныстар талқыланады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар