Алматыда барахолка маңындағы өрт сөндірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы базардың біріндегі қоймадан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында жеке құрамның 91 қызметкері, 23 техникасы мен «Алматы Су» мекемесінің 2 су тасығыш машинасы және қаланың өзара іс-қимылының бүкіл күш-құралдары жұмылдырылды.

«Өртті сөндіру жұмыстары объектілік гидрант өртінің ақаулы болуымен күрделеніді. Осыған байланысты су беру жұмыстары қосымша үздіксіз қамтамасыз етілді: келген өрт сөндіру автоцистерналарынан магистральдық желілер тартылды, жақын маңдағы өрт су қоймасынан су алу ұйымдастырылды, Алматы су техникасы іске қосылды. Құрылымдардың құлауы өрт сөндірушілерге қоймаға кіруге мүмкіндік бермеді»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Шұғыл қабылданған шаралардың арқаснда өрт түскі сағат 13:18-де толық сөндірілді.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қоймалардың бірі бүгін таңертеңнен бері өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.


Фото: t.me/qr_tjm


Соңғы жаңалықтар