Алматыда барак типтес үй өртеніп, бірнеше отбасы баспанасыз қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда ірі өрт болып, біреше отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда барак типтес үй өртеніп, бірнеше отбасы баспанасыз қалды

Алапат өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қаланың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2 ақпанда сағат 00: 14-те «101» кезекші пультіне Алатау ауданында орналасқан Кисловодская көшесі, №13 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орынына жеткен өрт сөндірушілер барак типтес каркасты тұрғын үйдің өртеніп жатқанын анықтады. Қызыл жалының тез таралуына жанғыш материалдан әсер еткен. Өрт өзге ғимараттарға қауіп төндірмес үшін тиісті шаралар қабылданды»,-деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.


Қабылданған шаралар нәтижиесінде өрт түнгі сағат 01: 30-да толық сөндірілді.

Қызыл жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 61 өртсөндірушісі мен 16 техника жұмылдырылды.

Құтқарушылардың айтуынша, алты пәтердің төртеуін оттан аман алып қалған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.