Алматыда «Барлық» базары аумағындағы дүңгіршектер өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Барлық» базарының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Өртенген «Барлық» базары аумағында орналасқан фастфуд дүңгіршектері болып шықты.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 14:34-те Наурызбай ауданы, Алматы - Ташкент тасжолы бойындағы «Барлық» базары аумағында, 40 шаршы метр алаңда жұмыс істемейтін фастфуд дүңгіршектері өртенді.

«Сағат 14:55-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-да.

Еске салсақ, Алматыда «барахолка» базары маңынан өрт шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар